Парламент Мәжілісінің кулуарында журналистердің сауалына жауап берген министр бұл жағдайды қолдамайтынын атап өтті.
«Мұндай оқиғалар қоғамда болмауы тиіс. Біз инклюзивті ортада өмір сүріп жатырмыз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың дискриминацияға ұшырауына жол берілмейді. Қазіргі таңда аутизмі бар балалар ерекше бақылауда, оларға Оқу-ағарту министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және біздің министрлік толық қолдау көрсетіп отыр. Ал блогерге қатысты тиісті шаралар қабылданады деп ойлаймын», – деді Жақыпова.
Еске салайық, бұған дейін 80 мың оқырманы бар блогер Райхан Жұмамұратованың әлеуметтік желідегі парақшасында аутизмі бар балаларды өлтіру қажет деген мазмұндағы пікір жазғаны жарияланған еді.