Осы жайтқа қатысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады. Онда бұл әрекет адамгершілік пен құқықтық нормаларға қайшы келетіні айтылған.
«Мұндай көзқарас қоғамымызда болмауы тиіс. Қазір бейнематериалда көрініс тапқан азаматшаның жеке басы анықталып жатыр. Әрбір бала, оның даму ерекшелігіне қарамастан, құрметке, қорғауға және қоғам өміріне толыққанды қатысуға құқылы», – деді комитет өкілдері.
Комитет барша азаматтарды, әсіресе ересектерді, балалардың ар-намысын таптамауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырды. Қыздың анасы Сағина бұл жағдайды үлкен күйзеліспен қабылдағанын айтты:
«Бұрын қызым автобусқа мінсе, еденге жатып алып, айқайлайтын. Қазір терапияның арқасында сабырлы – тек бір сөзді қайта-қайта айтады. Бірақ бұл да адамдарға ұнамайды екен. Сол күні әлгі әйел қызымды “ештеңеге жарамайды” деп қорлады. Бұл – тым қатыгездік. Жыладым. Мен тек түсіністік сұраймын».