Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Миллионер 21 жыл бойы біреудің балаларын асырап келгенін білді

Миллионер 21 жыл бойы біреудің балаларын асырап келгенін білді

Соттасқаннан кейін екі ұлы Ричардпен байланысын үзді, ал үшіншісі қоштасу хатын жолдаған


АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Миллионер 21 жылдан кейін үш баласының өзінікі емес екенін білді. Бұл туралы дәрігерлер Ричард Мейсонның туғанынан бедеу екенін анықтаған соң белгілі болған. Енді оның бұрынғы әйелі 250 мың фунт стерлинг өтемақы төлеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Mirror.

Ричард біреудің балаларын тәрбиелеп жүргенінен мүлдем бейхабар болған екен, бір күні дәрігерлер оған қорқынышты диагноз қойыпты — муковисцидоз. Бұл әйелдер мен ерлерді бедеулікке шалдықтыратын, атадан балаға берілетін дерт. ДНҚ сынамалары көрсеткендей, 21 жастағы тұңғышы мен 17 жастағы егіз ұлдары оның баласы емес болып шықты.

55 жастағы Ричард балалардың туған әкесі әйелі 1990 жылдардың соңында көңіл қосқан ер адам деп санайды. Ажырасқаннан соң он жылдан кейін әйел күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындаған, бірақ көңілдесі балалары жайында біле ме, жоқ па – белгісіз.

Енді миллионер әйелі ажырасқан кезде талап еткен ақшаның біраз бөлігін қайтарып алу үшін шағым түсірді, сонымен қатар алаяқтық жасады деп айып тақты. Қазір екі ұлы онымен байланысын үзген.

Өткен айда үшінші ұлы Ричардқа хат  жазып, оны қаншалықты жақсы көретінін, әлі әкесі деп санайтынын айтыпты.



Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Мадияр