«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мессидің футболкасын" киген балақайдың отбасы басқа жаққа көшуге мәжбүр

"Мессидің футболкасын" киген балақайдың отбасы басқа жаққа көшуге мәжбүр
10 Желтоқсан 2018, 09:08 2513 0

Астана, BAQ.KZ. Пластик пакеттен Мессидің футболкасын киген суреті арқылы әлемге танымал болған Мұртаза Ахмадидің өмірі қауіпке айналды.

Азаттықтың жазуына қарағанда, "Мессидің футболкасын" киген ауғанстандық баланың отбасы тұрып жатқан жерінен көшуге мәжбүр болып отыр.

Жеті жастағы Муртаза Ахмадидің "Мессидің футболкасымен" түскен суреті осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желілерде тарап, өткен жылы желтоқсанда оның арманы орындалып, Лионел Мессидің өзімен кездескен болатын.

"Алайда, осылай танымал болғанымыз өзімізге кесірін тигізді" - дейді баланың анасы Шафика Ахмади.

Оның айтуына қарағанда, Муртаза екі жылдан бері мектепке бара алмай қалған. Себебі қылмыскерлер баланың отбасы байып кетті деп ойлап, баланы ұрлап кетуге дайын. Тіпті "Талибан" террорлық тобының жанкештілері де бұл отбасының "байлығына" қызығатын көрінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар