Жақындарының айтуынша, алғашқы сараптама нәтижесінде бірқатар күмәнді жайттар қалған. Осыған байланысты олар қосымша зерттеу жүргізуді сұраған.
Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында қайтыс болған Мадина Рашидқызының өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Марқұмның туыстары алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен келіспей, істі қайта қарауды талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.
Туыстарының талабынан кейін марқұмның денесіне қайта сот-медициналық сараптама жасау үшін эксгумация жүргізілгені хабарланды.
Қайғылы жағдайдың салдарынан Мадинаның артында небәрі сегіз айлық сәбиі қалды. Марқұмның жақындары жас келіншектің өліміне қатысты барлық мән-жайды толық әрі жан-жақты анықтауды көздейді.
Олар тергеу барысында ешбір деректің назардан тыс қалмауын және егер кінәлі адамдар анықталса, олардың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр.