KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Менің махаббатым”: Қайрат Нұртастың ұлы сүйіктісін таныстырды

Айжан Сыланова

Танымал әнші Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұл әлеуметтік желіде қызбен бірге видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Ол видеоны «Менің махаббатым» деген жазбамен бөліскен. Осыдан кейін желі қолданушылары Нарұлдың жеке өміріне қызығушылық танытып, қыздың Қайрат Нұртастың болашақ келіні болуы мүмкін екенін жазды.

«Қайрат Нұртастың келіні», «Олар кездесіп жүр ме?», «Өте жарасымды» деген пікірлер қалдырылған.

Алайда кейбір қолданушылар мұны жай әзіл немесе әлеуметтік желідегі қалжың болуы мүмкін деген болжам айтты. Нарұл әзірге видеоға қатысты нақты түсініктеме берген жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →