Жаңалықтар

"Менің көзімше қанша рет дәрі ішті": Арман Дүйсеновтің жұбайына танымал заңгер көмектесетін болды

"Менің көзімше қанша рет дәрі ішті": Арман Дүйсеновтің жұбайына танымал заңгер көмектесетін болды
kznews.kz коллажы

Арман Дүйсеновтың жұбайы Айсұлу Айданқызына танымал заңгер Мейірман Шекеев қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Заңгер бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, Айсұлумен сөйлескеннен кейін істегі бірқатар күмәнді тұстарды байқағанын айтты.

"Әуелі жолдасы Арманның, одан кейін баласы Абылайдың қазасы, енді міне сот қалған отбасы мүшелерін үйден шығару туралы  шешімде шығарған. Маған ұсынылған құжаттарды зерделей  отырып,бұл істің көлеңке жақтары өте көп екенін аңғардым. Бір отбасына соншама ауыртпашылықтың бірден төнуі әрине қиын жағдай. Мұндай кезде кешегі жақындары алыстап,қиындықпен көп жағдайда жалғыз қалатыны рас,десе де,Айсұлу ханымды қарапайым халық жалғыз қалдырмайық", – деп жазды заңгер.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz