Шоу-бизнес

"Менің фигурамды бұзып": Мақпал Жүнісова туған күнін құттықтаған жұртқа алғыс айтты

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
"Менің фигурамды бұзып": Мақпал Жүнісова туған күнін құттықтаған жұртқа алғыс айтты
kznews.kz коллажы

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, эстрада әншісі Мақпал Жүнісованың туған күні. Туған күніне орай өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне жылы лебіз білдіріп, құттықтап жатқан көпшілікке ерекше ризашылығын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгін менің туған күнім келіп жетті, құрметті достар, құрметті жанкүйерлерім! Бүгін мен сияқты 11 қаңтарда туған күнін тойлап жатқан жандардың барлығына Алла Тағала ұзақ ғұмыр берсін. Аман болайық. Жылдан-жылға жасымызға жас қосылып, басымызға бас қосылып дегендей, қыздарымыз бақытты болып, ұлдарымыз үйленіп, осындай туған күндерін атап отыра берсін! — деді Мақпал Жүнісова.

Халық әртісі қызы Мерейдің әкелген гүлін көрсетіп, ризашылығын білдірді.

— Ой, қандай әдемі гүліңіз! Алла разы болсын! Мерей, жаным, көп рақмет! Қалай, менің қызымның әкелегн гүлі ұнады ма?! Алла разы болсын! Аман болайық! Сенің бағың ашылып, басыңа бас қосылсын! - деді.

Өзіне Мариям есімді танысының жіберген тортын жеп қоятынын айтып, фигурамды бұзатын болдың деп әзілдеді.

— Мариямжан, сен де қоймайсың ә… Менің фигурамды бұзып, торт жіберіпсің енді. Құдай-ай, десеңші! Мынаны жеп қоятын болдым ғой енді. Көп рақмет! Ғұмырлы бол, бақытты бол! Бала-шағаңның қызығын көр! - деді

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz