Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Мен қарапайым қазақтың баласымын»: Азамат Үсімбеков Президент туыстарымен байланыс туралы

«Мен қарапайым қазақтың баласымын»: Азамат Үсімбеков Президент туыстарымен байланыс туралы
фото: видеодан кадр

«ВД Строй Инжиниринг» компаниясының құрылтайшысы Азамат Үсімбеков сұхбат барысында әлеуметтік желі мен медиада тараған өзі мен Президенттің туыстары арасындағы байланыс туралы қауесеттерге пікір білдірді. Кәсіпкердің айтуынша, ол Мемлекет басшысымен де, оның туыстарымен де жеке таныс емес, деп хабарлайды kznews.kz.

Сұхбат кезінде Үсімбековтен президентпен немесе оның отбасы мүшелерімен кездескен-кездеспегені сұралған. Кәсіпкер бұл сұраққа нақты жауап берді.

«Жоқ, Президентті өмірде көрген емеспін. Туыстарымен де таныстығым жоқ», – деді ол.

Сондай-ақ жүргізуші компания төңірегіндегі айыптаулардың қоғамда қатты талқыланып жатқанын және мұндай ақпараттар кәсіпкердің беделіне әсер ететінін атап өтті. Бұған жауап ретінде Үсімбеков сұхбат беруге барлық күмән мен сұраққа жауап беру үшін келіскенін айтты.

Оның сөзінше, журналист Ботагөз Омарова компанияны 600 миллион теңге қарызы бар деп айыптаған, ал кейбір ақпарат құралдары билік өкілдерімен байланыс туралы түрлі болжамдар жариялаған.

«Осы сұрақтардың бәріне нүкте қою үшін сұхбат беруге келістім. Мен қарапайым Ақтөбеден келген қазақтың баласымын», – деді Азамат Үсімбеков.

Кәсіпкер өзіне қатысты тараған ақпараттарды шындыққа жанаспайды деп есептейтінін және беделін заң аясында қорғайтынын жеткізді.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан