KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Мен ондай кісіні танымаймын": Мөлдір Мұқан экс-күйеуі Тұрсынбек Қабатовтың сынына жауап берді

• Қайсар Қанат
Мөлдір Мұқан. Видеодан кадр: instagram.com/moldir.mt

Өнер иесі әншілік жолды таңдауының басты себебі жан қалауы екенін айтты. Оның сөзінше, ол сахнаға біреуге өзін дәлелдеу немесе өзгелермен бәсекелесу үшін шықпаған. Мөлдір Мұқан алғашқы әндерінің көпшілік арасында танымал болып, хитке айналатынын күтпегенін де жасырмады.

"Мен бір ән айтып, атақты болып кету ойымда болған жоқ. Тек өзімді бұл өнерде сынап көргім келді. Былайша айтқанда, "гештальтымды" жапқым келді", – деді Мөлдір Мұқан.

Сұхбат барысында әншіге Тұрсынбек Қабатовтың "Ән айтпай-ақ қойшы" деген сөзіне қатысты сұрақ қойылды. Алайда Мөлдір Мұқанова бұл сауалға қысқа ғана жауап берді.

"Мен ондай кісіні танымаймын. Өзінен сұраңыздар. Осы уақытқа дейін жеке өміріме қатысты үлкен сұхбат бердім. Тойған шығарсыздар", – деді ол.

Осылайша, әнші аталған пікірге қатысты ұзақ түсініктеме бермей, шығармашылық жолын өз қалауымен таңдағанын жеткізді. Ол ешкімге ештеңе дәлелдеуді мақсат етпейтінін және ән айтуды жақсы көретінін атап өтті.

Әнші алдағы уақытта тек музыкамен шектеліп қалғысы келмейтінін айтты. Оның жоспарында кино саласында да бағын сынап, жеке шығармашылық жобаларын жүзеге асыру бар. Сонымен қатар Мөлдір Мұқанова шоу-бизнес саласындағы қызметін жалғастырып, өнердегі орнын нығайтуды көздеп отыр.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →