Танымал актер Нұркен Өтеуіл желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшіліктің жүрегін тебірентті, деп хабарлайды kznews.kz.
Нұркен Өтеуіл Instagram желісіндегі жариялаған жазбасында Асанәлі Әшімовпен бірге түскен суреттерін жариялады. Кейіннен актер бұл жазбаның сипаттамасы әлемге әйгілі ойшыл Румидің қанатты сөзін жазып қойды.
"Мен өлгенде жыламаңдар. Мен жоқ болдым деп ойламаңдар. Мен желге, жарыққа, махаббатқа айналдым", – деп жазды Нұркен Өтеуіл.
Бүгін, 23 желтоқсанда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақ өнерінің аса көрнекті өкілі, актер әрі режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.
Қаралы жиынға мәдениет пен өнер саласының танымал өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның сахнадағы серіктестері мен шәкірттері, сондай-ақ қала тұрғындары жиналды. Көпшілік ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, оны соңғы сапарға шығарып салуға келді.
Марқұмды жерлеу рәсімі бүгін кешке Алматы қаласындағы "Кеңсай-1" зиратында өтеді.
Еске сала кетейік, Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті.