"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Мен де құлақ тесіп, шаш бояттым” - Алмат Сақатов

“Мен де құлақ тесіп, шаш бояттым” - Алмат Сақатов
Фото: ғаламтордан

Талантты актер Алмат Сақатов «КешRec» бағдарламасына берген сұхбатында ел біле бермейтін оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz Turkistan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол жас кезінде шашын боятып, сырға таққанын ерекшелену мақсатында жасағанын айтты. 

«Құлағымды актер Ғани Құлжанов тескен. Бір кездері Алматыға концертпен Виктор Цой келеген-тін. Сәбит Мұқановтың немересі, музыкант Кәрім Мұқановтың үйіне қонақ болып келгенде есігінің алдында күтіп отырдық. Содан Виктор Цой сыртқа шыққанда қасындағы барабаншысының құлағында сырғаны көрдім.

Ол кезде 20 жастағы баламын. Ерекшеленгім келетін. Қазір жастар ерекше болу үшін қарапайым, тәрбиелі және тәртіпті адам болу керек қой. Себебі қазір сырға тағып ешкімді таңқалдыра алмайсын. Біздің кезімізде бәрі керсінше болды.

Шашымды екі жағынан алып, химия жасаттым. Құлақты тестіремін.

Сол заманда күзде барып көмектесетін театрландырылған ауыл шаруашылығы болатын еді ғой. Сонда Ғанилардың курсына түстім. Ғаниға құлағымның тескім келетінін айттым. Ол да заманауи болып жүретін жігіт болды. Ол «Әкел маған. Мен тесіп берейін» деді. Қыздардан ине мен жіп сұрап алды да тез тесе салды. Ал мен шаң-тозаңның арасында жүзім теріп жүрген соң, қүлағым үлкен болып ісіп кетті. 5-6 күннен кейін күміс сырға тауып әкеліп, тағып алып жүргенмін», - деді ол. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.