"Бір жалақыға өмір сүргір..." : басшы мен жұмысшының табыс айырмасы 6 еседен асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Ақынға тиіспеңдер!»: Алмат Сақатов Мақсат Ақановты қорғап шықты

«Ақынға тиіспеңдер!»: Алмат Сақатов Мақсат Ақановты қорғап шықты
Фото: ашық дереккөз

Ол ақынға орынсыз тиісіп, ауыр сөз айтпауға шақырды.

Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, айтыскер ақын Мақсат Ақановқа араша түсті, деп хабарлайды kznews.kz

Ол ақынға орынсыз тиісіп, ауыр сөз айтпауға шақырды.

Актер өз сөзінде ақынның бір қателігі үшін оны жаппай сынаудың қажеті жоқ екенін айтып, Мақсат Ақановқа қолдау білдірді.

«Ақынға тиіспеңдер! Ақын тентек болуы керек. Ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып жамбасына дейін жыртып жатырсыздар. Мақсат, сен сүріндім деп ойлама. Сен кімнің кім екенін осы күндері біліп алдың», – деді Алмат Сақатов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мақсат Ақановтың айтыс кезінде айтқан сөздері түсірілген видеолар тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Бейнежазбалардан кейін ақынға қатысты түрлі пікірлер айтылып, желіде қызу пікірталас өрбіген.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.