KZNews.kz
Білім

Мен бақытты баламын

KZNEWS

Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады


Мен бақытты баламын

Автор: Иматаева Жұлдыз Сатыбалдиевна

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-11

Материал туралы қысқаша түсінік

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айтып, қорытуға үйренеді. Өзін-өзі және басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық қалыптасады.

МАДӨзін-өзі тануМұғалім
Сабақтың тақырыбыМен бақытты баламын
СілтемеӨзін-өзі тану оқулығы,ғаламтор,әдістемелік құрал,МАН.
Жалпы мақсатыЖаңа білімді түсіндіру
Оқу нәтижелеріОқушылар берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айтып, қорытуға үйренеді. Өзін-өзі және басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық қалыптасады.
КөрнекілігіАқ қағаз, оқулық,үлестірме материалдар, жеке суреттер.
ТапсырмаларАКТ. «Жұбын тап» ойыны. Топтық жұмыстар. Шығармашылық тапсырма. Венн диаграммасы.
Сабақ кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіРесурстар
Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Тыныштық сәті.-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?Топ ережесін қайталап, еске түсіру.Оқушыларқимыл- қозғалыстарды қайталайды.АКТ

Топ ережесі жазылған постер

БілуМен бақытты баламын Жаңа білімді түсініЖоба қорғауОқушылар берілген тапсырмаларды орындайдыТақтаЖеке сөздер жазылған қағаздар
ТүсінуМәнерлеп оқуМазмұнымен танысуОқушылар іштей, дауыстап, тізбектеп оқиды.«Өзін-өзі» оқулығы.
ҚолдануЖаңа тақырып бойынша тапсырма1 топ: сурет салу2 топ: өлең жазу3 топ: коллажӨлеңге сүйеніп сурет салады.«Өзін-өзі тану» оқулығыАқ қағаз, қарындаштар
ТалдауКестемен жұмысОқушылар топпен сол сөздерді тауып жазады.оқулық
Сергіту сәті.шып келді бір топ қаз,Қонған жері, бірақ саз.Сазды шоқып, тағы шоқып,Ұшып кетті бір топ қаз.Ормандағы аюдың,Құлпынайы көп екен.Теріп-теріп алайық,Қалтамызға салайық.Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды
Жинақтау«Жүрдек пойыз» топ болып сабақта алған білімдерін, ойларын ортаға салады.Тақтаға шығып тапсырманы орындайдыТақта
Рефлексия-Бүгінгі сабақта не білдік?-Сабақ ұнады ма?Тыныштықта отыру.Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.Оқушылар пікір-лерін жазады.Стикерлер
Келесі тапсырмаДәйексөзді жаттап алу Мазмұнын талдайды«Өзін-өзі» оқулығы.
Бағалау.Жиынтық бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау.Смайликтерді санайды.смайликтер

Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары