KZNEWS.KZ
Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Айжан Сыланова
Фото: Ақорда

Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.

Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →