KZNews.kz
Саясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Айжан Сыланова
Фото: Ақорда

Давос қаласында (Швейцария) өткен халықаралық форум аясында маңызды саяси оқиға орын алды. Мемлекет басшысы АҚШ-тың Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына ресми түрде қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz. 

Бұл қадам халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, жаһандық тұрақтылық пен өзара түсіністікті арттыруға бағытталған. Рәсімге Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Бейбітшілік кеңесінің негізгі мақсаты – әлем елдері арасындағы диалогты күшейту, қақтығыстардың алдын алу және бейбіт бастамаларды қолдау. Давоста қабылданған бұл шешім халықаралық қауымдастық тарапынан оң бағаланып, жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктеріне жол ашады деп күтілуде.

​​​​​​​

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары