KZNews.kz
Әлем

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Асқар Алтайұлы
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Айта кетейік Пәкістан астанасы Исламабад қаласында жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болып, кемінде 31 адам қаза тауып, 169 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →