Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Ресей Мемлекеттік Думасы сайлауының табысты өтуімен құттықтаған. Тоқаев бұл саяси науқанды Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі ретінде атап өтті.
Қазақстан Президентінің пікірінше, дауыс беру қорытындысы Ресейдің ұзақмерзімді мүдделерін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің саяси бағытына халық тарапынан қолдау бар екенін көрсетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және елдің әлеуетін нығайтуға бағытталған тиімді шешімдер қабылдайтынына сенім білдірді.
Сонымен қатар жеделхатта Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қарым-қатынаста парламентаралық байланыстың маңызды рөл атқаратыны айтылған. Тоқаев Қазақстан Құрылтайының депутаттары мен ресейлік парламентарийлер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыратынына сенетінін жеткізді.
Жеделхат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.