Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мектепті бітірмей жатып қылмыскер атанды: ҰБТ-ға түлектердің орнына студенттер кірген

Мектепті бітірмей жатып қылмыскер атанды: ҰБТ-ға түлектердің орнына студенттер кірген

Елордада  ҰБТ-ға түлектердің орнына студенттер кіруге тырысқан. Бұл туралы  ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мектепті бітірмей қылмыскер болып шықты. Бұл пост қалжың емес, өкінішке қарай, оған да жеттік. ҰБТ 2021-ге  +1 қылмыстық іс: ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 2-бөлімі (Жалған құжаттарды қолдан жасау) бойынша. ҰБТ-ға кіргізу барысында 4 түлектің орнына (оның ішінде 1 «Алтын белгі» иегері) 4 студент кіруге тырысты», –  деп жазады Дидар Смағұлов.

Оның сөзінше, Biometric  секілді заманауи сәйкестендіру технологияларының барында мұндай әрекеттер тіпті орынсыз. Қылмыстық жауапкершілікке елордалық білім беру орталығының өкілдері де тартылатын болады.

«ҰТО директорының м.а. Наужан Әбдісатарқызы Дидарбекованың  басшылығымен, тестілеу орталығының кәсіби қызметкерлерінің көрсеткен қырағылығы мен UStudy Kazakhstan , Олжас Куспеков,  Biometric заманауи сәйкестендіру технологияларының барында мұндай әрекеттер тіпті орынсыз. Қылмыстық жауапкершілікке елордалық білім беру орталығының өкілдері де тартылатын болады. Өз болашағыңызға балта шаппаңыз!» –  деді Дидар Смағұлов.


Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары