«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мектеп құрылысына бөлінген 45 миллион теңгені қалтасына басқан шенеуніктің әрекеті әшкере болды - Қазақстан жаңалықтары

Мектеп құрылысына бөлінген 45 миллион теңгені қалтасына басқан шенеуніктің әрекеті әшкере болды - Қазақстан жаңалықтары

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына үлкен көлемде ақшаны қолды қылды деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді. 

«Осы жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Балқаш аймағы бойынша ауданаралық бөлімі Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Аспап» өндірістік кешенінің лауазымды тұлғаларының бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі «464 орындық мектеп құрылысы» нысанына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 45 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр», - деді аға тергеуші.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан