Нигерияның Ниамея аймағында мектепте өрт болып, дайындақ және төменгі сыныптың 20 оқушысы қаза болды деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасаған zakon.kz.
Өрттен қайтыс болған балалардың ең үлкені 9 жаста.
Myc.news басылымның хабарлауынша, Нигерияның премьер-министрі Оухумуду Мухаммаду өрт себебін анықтауға уәде берген.
"Бұл алдын қасақана жасалған қылмыс болса, кінәлілер жауапқа тартылады", - дейді ол.
Полицияның мәліметінше, өрт сыныптардың біріндегі қысқа тұйықталудың салдарынан басталған. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары мен төтенше қызмет азғантай уақытта өртті ауыздықтай алған.