Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мектеп мұғалімі көп шулаған оқушысының қолын байлап, белдікпен ұрған (ВИДЕО)

Мектеп мұғалімі көп шулаған оқушысының қолын байлап, белдікпен ұрған (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Ресейдің Уфа қаласында мектеп мұғалімінің оқушыға күш қолданған сәті видеоға түсіп қалды. Оқиға сынып ішінде орын алып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұл туралы SHOT Telegram-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Инцидент №161 лицейде еңбек сабағы барысында болған. Мәліметке қарағанда, 7-сынып оқушысы сабақтың өтуіне кедергі жасап, балағат сөздер айтып, Чебурашка кейіпкерінің әдепсіз суретін салған. Мұғалім оқушының бұл әрекетіне ашуланып, оны тақтаға шығарып, қолын байлап, бүкіл сыныптың көзінше белдікпен ұрған.

Оқиға сәтін оқушылардың бірі видеоға түсіріп алған. Кейін бұл бейнежазба интернетте тарап, қоғамда қызу талқыланды.

Аталған жағдайға байланысты Башқұртстан прокуратурасы тексеру бастады. Құқық қорғау органдары оқу орны басшылығы мен мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беріп, тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер