Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мексикада Димаштың 4,5 метрлік мүсіні жасалды

Мексикада Димаштың 4,5 метрлік мүсіні жасалды
Фото: dimashnews

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы концерттік туры қарсаңында Мексикадағы жанкүйерлері ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мексикалық Dears фан-қоғамдастығының мүшесі, әуе шарларынан композициялар жасайтын суретші Ольга Лидия Эрнандес шығармашылық тобы және Dimash & Dears Regias фан-клубының қатысушыларымен бірге Димаштың биіктігі 4,5 метр болатын мүсінін жасап шыққан.

Ерекше инсталляция Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласының ірі сауда орталықтарының біріне қойылды. Дәл осы қалада 2026 жылғы 14 қарашада Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті өтеді.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың басты мақсаты – Монтеррей тұрғындарын қазақстандық әншінің шығармашылығымен таныстырып, алдағы концертке қызығушылықты арттыру. Қазірдің өзінде алып мүсін сауда орталығына келушілердің назарын аударып, көпшілік суретке түсетін ерекше нысанға айналған.

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлер қауымы соңғы жылдары айтарлықтай кеңейіп келеді. Сондықтан Мексикада өтетін концертке деген қызығушылық жоғары екені айтылып, жанкүйерлер әншіні ерекше форматта қарсы алуға дайындалып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.