Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі інісі Әбдіжаппар Әлқожаға сәйгүлік сыйлады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әбдіжаппар Әлқожа қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видео жариялады. Оның айтуынша, “МузАрт” тобының мүшесі бұл сыйды “осындай абырой саған да жұғысты болсын” деген ниетпен тарту еткен.
“Мынау – Манат ағамыздың аттары. Ол Мейрамбек ағаға көкпарда “біреуін таңдап ал” деп ат сыйлаған екен. Ал Мейрамбек аға сол атты маған сыйлады. Алла қаласа, ағаның 50 жас мерейтойы ғой. “Осындай той, абырой саған да жұғысты болсын” деп тарту етіп жатыр. Осы сәйгүлікті таңдап, иемденіп жатырмыз”, – деді ол.
Әншінің атының есімі – “SeriSi”.