Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Титулдық кездесу 19 қыркүйекте Калифорнияда (АҚШ) өтеді, деп хабарлайды kznews.kz бокс кешін ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.
Бұған дейін отандасымыздың қарсыласы америкалық Хесус Рамос-кіші (24-1, 19 КО) болатыны хабарланды.
Айта кетейік, бұл санаттағы белбеу иегері - доминикандық Карлос Адамес. Ұйым міндетті үміткермен жұдырықтасудан бас тартқаны үшін оны белбеуінен айырып, Рамос - Нұрсұлтанов жекпе-жегінің жеңімпазын толыққанды чемпион деп жариялауы мүмкін.
Нұрсұлтанов - Рамос кездесуі Питбуль - Браво бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірі болады.
Нұрсұлтанов рингке араға үш жыл салып оралады
Еске сала кетейік, 32 жастағы боксшы соңғы рет рингке 2023 жылы шығып, төрешілердің шешімімен Хулио Аламосты жеңген болатын.
Бұл ретте Нұрсұлтанов бірнеше жылдан бері WBC титулына міндетті үміткер, алайда чемпион онымен жұдырықтасудан бас тартып келеді.
Қазақстандықтың еншісінде 20 жекпе-жекте 20 жеңіс бар және Мейірім олардың басым бөлігін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Бұған дейін Мейірімнің ағасы - танымал боксшы Мерей Ақшалов інісінің мансабын ілгерілетумен айналысу үшін Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы лауазымынан кеткені белгілі болды.