Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Медициналық университеттерде оқу уақытын 7 жылға дейін ұзарту ұсынылды

Медициналық университеттерде оқу уақытын 7 жылға дейін ұзарту ұсынылды
Фото: malim.kz

Медициналық университеттерде оқу уақытын 7 жылға дейін ұзарту ұсынылды. Аталған мәселе Мәжілісте заң жобасын талқылау барысында айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, 6 жыл оқуды бітірген түлектер заңды мәртебе болмағандықтан емдеуге қатыса алмайды. Жаңа реформа бойынша 6 жыл оқудан кейін 6 айлық интернатура бар. Бұл кезеңде студенттердің ресми мәртебесі болмайды, олар медициналық жүйелерге кіре алмайды және емдеу процесіне тек бақылаушы ретінде қатысады.

"6 жыл оқуды бітірген түлектер бірден жұмыс істей алмайды, өйткені резидентурадан өту міндетті. Оның мерзімі 2–4 жыл, ал гранттар шектеулі болғандықтан, оқыту көбіне ақылы болады", - дейді мәжілісмен.

Аймағамбетов дәрігерлерді 7 жылдық жүйемен даярлауды ұсынады:

"Бұл жүйе 6 жыл университеттегі теориялық оқуды және 1 жыл медициналық ұйымдарда өтетін толыққанды практикалық интернатураны қамтиды", - деді ол.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі