Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Кейбір мамандықтарды оқыту мерзімін 2,5 жылға дейін қысқартуға рұқсат беріле бастады

Кейбір мамандықтарды оқыту мерзімін 2,5 жылға дейін қысқартуға рұқсат беріле бастады
Фото: Pxhere.com

Қазақстанда студенттерге бірқатар мамандық бойынша оқыту мерзімін қысқарту мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, 2023 жылдан бастап мемлекеттік білім беру стандарты өзгертілген, бұл жоғары оқу орындарына оқу бағдарламаларын икемді түрде қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«2023 жылдан бастап біз мемлекеттік стандартты өзгерттік. Енді оқу бағдарламаларының мазмұнының 92%-на дейін ЖОО-лар өздері өзгерте алады, соның ішінде жергілікті кәсіпорындармен бірлесіп оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік бар», – деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы алғашқы тәжірибе Astana IT University базасында жүзеге асырылған.

«Атап айтқанда, Astana IT University алғаш рет бакалавриатты 4 жыл емес, 3 жылда аяқтауға мүмкіндік беретін тәжірибені енгізді. Біз бұл экспериментті бақылап отырмыз. Оның циклі 5–7 жылды құрайды. Бүгінгі таңда ол өз тиімділігін оқу сапасы бойынша да, жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша да дәлелдеді», – деді министр.

Сонымен қатар, ол жоғары оқу орындарына оқу мерзімін біртіндеп одан әрі қысқартуға рұқсат беріліп жатқанын атап өтті.

«Осыған байланысты біз ЖОО-ларға оқу мерзімін 3 жылға, тіпті 2,5 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік бере бастадық. Бұл, ең алдымен, IT мамандықтарына және еңбек нарығы мамандарды ұзақ күте алмайтын бағыттарға қатысты», – деді Саясат Нұрбек.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі