KZNews.kz
Саясат

Мәжілісте Назарбаевқа қатысты істі қайта қарау ұсынылды

Torgyn Abushakhman

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Бас прокурорға ресми сауал жолдап, Нұрбол Назарбаевтың аты аталған рейдерлік істерді қайта қарауды талап етті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Депутаттың айтуынша, оған кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардан әділет іздеген ондаған өтініш түскен. Соның бірі – қарағандылық кәсіпкер Қуат Ерментаевтың арызы. Ол Нұрбол Назарбаевтың ықпалымен өзінің компаниядағы үлесінен айырылғанын, бизнесін рейдерлік жолмен тартып алынғанын мәлімдеген.

2022 жылы Алматы қаласының прокуратурасы мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда 2024 жылы прокуратура «қылмыс құрамының болмауына байланысты» істі тоқтатқан. Мәжілісмен пікірінше, мұндай шешім «Назарбаевтар әулетінің мүддесіне жасалған қадам» болып отыр.

– Егер құқық қорғау органдары зардап шеккен азаматтардың көз жасына толы өтініштерін жылы жауып қоя берсе, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» бастамасына қарсы қастықпен пара-пар, – деді депутат.

Бұған қоса Нұрбол Назарбаев  9 мың гектардан астам жерді заңсыз иемденіп алған көрінеді.  Ермұрат Бапи Бас прокурорды 2022 жылы қозғалған істі қайта көтеріп, зардап шеккен азаматтардың уәжін тыңдауға шақырды.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары