"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәжіліс депутаты мен қоғам белсендісі онлайн несие жүйесін сынға алды

Мәжіліс депутаты мен қоғам белсендісі онлайн несие жүйесін сынға алды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Унзила Шапаққызы және алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп жүрген қоғам белсендісі Анарбек Марқабай «Qasqa Jol» YouTube арнасына сұхбат беріп, еліміздегі ақпараттық қауіпсіздік пен онлайн несие рәсімдеу жүйесінің осал тұстарын сынға алды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы.

Анарбек Марқабай бірнеше ай бұрын өзінің атына 16 миллион теңгеге онлайн несие рәсімделгенін айтып, бұл жағдай еліміздегі заңнаманың әлсіздігін дәлелдейтінін мәлімдеді.

    “Онлайн несие — ыңғайлы. Алайда қауіпсіздік жағы әлсіз. Бұл қылмыс — цифрлық кеңістікте жасалады. Тергеушілердің көбі оны ашуға қауқарсыз, себебі арнайы дайындықтан өткен IT мамандары жетіспейді. Қазір үкіметке сену қиын. Азаматтардың жеке мәліметтері толық қорғалмаған. Менің рұқсатымсыз банк несие рәсімдегені — заң бұзушылық. Қорғаныс деңгейі өте төмен”, — деді ол.

Оның бұл пікірімен депутат Унзила Шапаққызы да келісті. Ол заң шығарушы орган ретінде технологияның даму жылдамдығына ілесе алмай жатқандарын мойындады.

    “Онлайн несиеге тыйым салсақ, біраз уақыттан соң азаматтар қайта қосуымызды сұрайды. Біз биометрияны енгіздік, суыту кезеңін заңдастырдық — несиеге өтініш берген соң 24 сағаттан кейін ғана рұқсатпен рәсімделеді. Алаяқтық жағдайында полицияға жүгінсеңіз, сот шешімі шыққанға дейін төлемдер тоқтайды. Егер қылмыс расталса, несие кешіріледі, ал егер өзіңіз кінәлі болсаңыз — төлеуге тура келеді”, — деді халық қалаулысы.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.