Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәулітте қазақша сүре оқығандар жұртты таңғалдырды

Мәулітте қазақша сүре оқығандар жұртты таңғалдырды

ТикТок әлеуметтік желісінде  арабша сүрені қазақ тілінде әндетіп оқыған қауымның видеосы тарады деп жазады Kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Жайылған дастарқанға жайғасқан кісілер Мәуліткен жиналған қауым екен. Мәуліт қазақ тілінде оқылып, Пайғамбарға осылайша құрмет көрсетілуде екен.

«12-ші күн Раббиул уәл деген айда, түн ішінде жарық  болды  пайда. Жер мен көк арасынан ту тігілді, білгізген тігілгенін құдіретті Алла» деп келетін сүре қазақ тілінде, арабша құран оқу мақамында айтылған.

Бұл видеоға қатысты көрерменнің пікірі екіге жарылды. «Сүре тек арабша оқылуға тиіс», «бұл бидғат», «күнә болады» дескендер мен «өте дұрыс, өз тілімізде оқылса, жұрт та түсінеді», «қазақша пайғамбарға құрмет көрсетілуде» дегендер таңданысын жасыра алмады.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары