KZNews.kz
Спорт

Мәскеулік ЦСКА байқауында болған қазақстандық Еуропаға кетуі мүмкін » Vesti.kz

KZNEWS
Қазақстанның жастар құрамасы мен "Шахтердің" жартылай қорғаушысы Геворг Наджарян 2019 жылы жазда Польша чемпионатына кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

20 жастағы футболшының өкілдері бірнеше польшалық клубпен келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың арасында жоғары лиганың екі командасы бар - "Краковия" және "Заглембе". 

Қараша соңында Наджарян "Шахтермен" келісімшартын 2019 жылдың аяғына дейін созған.

"Шахтер" тәрбиеленушісі Наджарян ересектер деңгейінде 2015 жылдан ойнай бастады. Сол кезде хавбек мәскеулік ЦСКА-ға шақырту алып, клубтың байқауына қатысқан. Кейін екі жыл "Астана" сапында болды, алайда, алаңға сирек шығып отырды.

2017 жылы жазда Наджарян "Шахтерге" қайта келді. ҚПЛ-дің өткен маусымында ол кеншілер үшін 25 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді және екі гол салды. Жастар арасындағы Еуро-2019 іріктеу циклінде ол алаңға тұрақты шығып тұрды және Қазақстан үшін тоғыз матчте бір гол салды. 

KZNEWS
Автордың басқа материалдары