KZNews.kz
Жаңалықтар

"Маскадағы адам – ол Димаш": Құдайберген әулетіне жақын адам ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Arasha.kz коллажы

"Тамаша" арқылы елге кеңінен танылған актер Алмат Сақатов әнші Димаш Құдайберген туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Актер Qazaq Airan YouTube-жобасына берген сұхбатында көпшіліктің арасында "Маскадағы адам" деген атпен белгілі блогердің кім болуы мүмкін екеніне қатысты пікірін айтты. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары елге көмектесіп жүрген бұл беймәлім жанның Димаш Құдайбергенге қатты ұқсайтынын жиі жазған еді.

"Димаш болуы да ғажап емес. Қазір ол өте танымал, халықтың назарында жүрген тұлға", – деді Алмат Сақатов.

Сұхбат барысында актер Димаш Құдайбергеннің қазақ өнеріне қосқан үлесін ерекше атап, оны феномен тұлға ретінде бағалады.

"Соңғы 70 жылдағы қазақ өнерінің өкілдерін түгел жинасақ та, олардың еңбегі Димаштың жетістігіне жете қоймас. Бұл сөзім үшін ертең сынап жатуы да мүмкін. Бірақ Димаштай әлемнің түкпір-түкпірінде ән салып, қазақтың атын танытқан өнерпаз бұрын-соңды болған емес. Ол – тарих жасаған азамат. Димашқа Алла ұзақ ғұмыр берсін", – деді актер.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары