Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи ғұлама Ибн Ғабидинның (Алла оны рахымына бөлесін) тұжырымы бойынша, егер мәсінің табаны аяқтың кішкене үш саусағының көлеміндей қажалып қатты жұқарған болса, ол мәсі – мәсих тартуға жарамсыз.
Ардақты ғалымға аталмыш үкімді түсінде Пайғамбарымыз ғалейһиссәләм білдірген екен. Ғалым былай дейді:
«Бұл үкім көрген түсіммен қуаттанады. Осы мәселені бірнеше күн бойы зерттеп-зерделегеннен кейін түсімде Пайғамбарымызды көрдім. Одан (с.а.у.) түсімде осы мәселе жөнінде сұраған екенмін. Сонда Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Егер, мәсі үш саусақ көлеміндей жұқарған болса, мәсих тартуге кедергі» деп жауап берді. Бұл түс – хижри 1234 жылы болды. Барлық мақтау Аллаға тән. Одан кейін, ол мәселе жайында ашық түрде Шафиғи кітаптарынан көрдім»[1].
Осы орайда, мынадай да сауалдар келіп жатады: мәсі тесіліп, астарындағы тігілген матасы көрініп тұрса, мәсих жарамды ма? Бұған жауап ретінде айтарымыз: Мәсі тесіліп, бірақ тігілген астары бүтін болса, ондай мәсіге мәсих тарта беруге болады. Бұған қатысты Ханафи ғалымдары былай деген:
«Мәсінің сыртқы қабаты ашылғанымен, астарында тері немесе мата тігілген болса, беткі жағыныңашылуы мәсих тартуға кедергісі жоқ»[2].
Абдусамат Қасым