Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мәсімов, Бишімбаев және Перизат Қайрат рақымшылыққа іліге ме?

Мәсімов, Бишімбаев және Перизат Қайрат рақымшылыққа іліге ме?
Фото: 24kz

Қазақстанда ауқымды рақымшылыққа дайындық жүріп жатыр. Бұл қоғамда соңғы жылдардағы ең резонансты қылмыстық істерге қатысы бар тұлғалар мерзімінен бұрын босатыла ма деген түрлі алыпқашпа әңгімелерді тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұрынғы ҰҚК төрағасы Карим Мәсімов, экс-министр Қуандық Бишімбаев және қоғам белсендісі Перизат Қайрат рақымшылыққа ілікпейтінін мәлімдеді.

Журналистердің аты аталған танымал сотталған тұлғаларға қатысты алдағы рақымшылық аясында жазаны қысқарту мүмкіндігі туралы сұрағына Әділов нақты жауап берді.

«Сіздер атаған тұлғаларға қатысты менің жауабым — үзілді-кесілді жоқ. Қылмыстық кодекстің 78-бабы терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық, сыбайлас жемқорлық қылмыстары және қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар үшін сотталғандарға рақымшылық қолдануға тыйым салады», - деді ол.

Резонансты істер бойынша сотталғандар қандай баптармен жазаланған?

Бұрынғы ҰҚК төрағасы Карим Мәсімов 2023 жылы мемлекеттік опасыздық (ҚР ҚК 175-бап), билікті күшпен басып алуға әрекет (179-бап) және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану (362-бап) бойынша сотталған.

Экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру (99-бап, 2-бөлік, 5-тармақ) және азаптау (110-бап) үшін кінәлі деп танылған.

Қоғам белсендісі Перизат Қайрат аса ірі көлемдегі алаяқтық (190-бап) және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру (218-бап) бойынша сотталған.

Рақымшылық кімдерге жасалады?

Жоспарланған қылмыстық рақымшылық қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға қатысты болуы мүмкін. Орташа ауыр қылмыстар бойынша сотталғандардың бір бөлігіне келтірілген залал өтелген жағдайда жазаны жеңілдету немесе босату қарастырылуы ықтимал.

Бұған дейін Қазақстанда 16 500 адам рақымшылыққа ілігетіні айтылды. 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі