9 қазаннан бастап мектепте телефон пайдаланудың жаңа тәртібі күшіне енеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мас күйде емізіп отырып ұйықтап кеткен”: Сәбиін тұншықтырып алған ана сотталды

“Мас күйде емізіп отырып ұйықтап кеткен”: Сәбиін тұншықтырып алған ана сотталды
Фото: free oil

Іс материалдарына сәйкес, әйел алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін сәбиін емізіп отырып ұйықтап қалған. Осы кезде оның қолындағы бала қысылып қалып, тыныс ала алмай қалған.

Ақмола облысының Ақкөл қаласында қайғылы оқиға болып, мас күйінде сәбиін емізіп отырған әйел абайсызда баласын тұншықтырып алған. Салдарынан нәресте көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әйел оянған кезде нәрестесінің қимылсыз жатқанын байқаған. Ол бірден жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтаған. Медициналық сараптама сәби өлімінің себебі ауа жетіспеуі болғанын көрсетті.

Іс сотта қаралып, прокурор әйелге бас бостандығынан айырудың орнына бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Сот үкім шығарған кезде сотталушының әрекетіне шын өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде бағалады. Ал қылмыс кезінде алкогольдік масаң күйде болуы жазаны ауырлататын фактор ретінде ескерілді.

Нәтижесінде сот әйелді 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сонымен қатар оған пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.