Жаңалықтар

Марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы ата-анасына арнап құран оқытты (ВИДЕО)

Марқұм Оразалы Досбосыновтың ұлы ата-анасына арнап құран оқытты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі кәсіпкер және мотивациялық спикер Арзу Алмасова марқұм айтыскер Оразалы Досбосыновтың отбасына арнайы барып қайтқанын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған. Алмасова Оразалы Досбосынов пен жары Ажар Түзелбекқызының балаларымен кездесіп, олардың жағдайын біліп, көңіл білдіріп келгенін атап өтті.

"Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының ұрпағы – Нұрайша мен Нұрсұлтанның маңдайынан иіскеп, халін сұрап қайттық. Орны бар – оңалар. Құран бағыштадық", – деп жазды Алмасова.

Оразалы Досбосынов 1975 жылғы 15 қарашада Алматы облысы Райымбек ауданының Тегістік ауылында дүниеге келген. Айтыс өнерінің дүлдүлі небәрі 29 жасында өмірден өтті.

Ақынның анасы естелігінде, Оразалының әкесі үш ағайынды болғанын айтады: Жарылқасын, Қасым және Оразалы. Жарылқасынның туған ағасы Оразалы Қытайдың Текес өңірінде ақын әрі жыршы болыпты. Өнер жолында жүріп, одан кейін хабарсыз кеткен. Сол ағасының есімі ұмытылып қалмасын деген ниетпен Жарылқасын ұлына Оразалы атын қойған екен.

Айтыс сахнасында өзіндік ерекше мақамымен және жаңашылдық қырымен танылған Оразалы Досбосынов көзі тірісінде "Құлмамбеттің құлыны" деген атқа ие болған.

Алматы облысы Шонжы ауылынан қайтып келе жатқан жолында көлік апатына ұшыраған ақын 30 жасқа толар шағында өмірден өтті. Одан екі жыл өткен соң, 2011 жылы, оның жары Ажар Түзелбекқызы да жол апатынан қаза тапты. Арттарында Нұрайша есімді қызы мен Нұрсұлтан есімді ұлы қалды.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz