Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марқұм Оразалы Досбосыновтың келіні желіде шу шығарды

Марқұм Оразалы Досбосыновтың келіні желіде шу шығарды

Threads желісінде Назерке Надирова марқұм айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың ұлына қатысты ауыр айып айтты, деп хабарлайды kznews.kz. 

Жас ананың айтуынша, ол Досбосыновтың ұлынан жүкті болып қалған, бірақ жігіт жүктілік кезінде де, бала дүниеге келген соң да жауапкершіліктен қашқан.

Назерке 2024 жылдың қазанында екеуі УЗИ-ге барып, бақытты болашақ ата-ана болып көрінгенін жазса да, бір аптадан кейін жігіт оны үйінен қуып шығарып, «бұл менің балам емес» деп бас тартқан. Сол сәттен бастап ол бойжеткеннің өмірінен жоғалып кеткен.

«Тоғыз ай бойы хабарласпады, жағдайымды сұрамады. Анама арқа сүйеп, барлық қиындықты өзіміз көтердік», — дейді Назерке. 

Бала дүниеге келгенде де жігіт қайтадан із-түзсіз кетіп қалған. Жас ана көпшіліктің оны марқұм ақынның ұлы болғаны үшін ақтауға тырысатынын айтады.

«Оразалы Досбосыновтың аты оған қорған болып тұр, ал менің қиындықтарымды ешкім ойламайды», — дейді Назерке. Желі қолданушылары марқұм ақынның атына кір келтірмеуге шақырып, ұлының әрекетіне сын айтуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.