Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марқұм Ескендір Хасанғалиевтің жары ел алдына шықты

Марқұм Ескендір Хасанғалиевтің жары ел алдына шықты
Фото: ғаламтордан

Продюсер Альбина Қапсәлім әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің жары, «Ескірмеген махаббат» әнінің музасы Дарико апайға арнайы барып, жаңа жылымен құттықтағанын хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Продюсердің айтуынша, олар Дарико апаймен жүздесіп, амандығын біліп, батасын алған. Альбина Қапсәлім оның болмысын сабыр мен сұлулықтың, нәзіктік пен парасаттың үйлесімі ретінде сипаттады.

«Ескірмеген махаббат» әнін білмейтін қазақ кемде-кем. Себебі шынайы махаббат уақыт өткен сайын тереңдей түседі», – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ ол Дарико апайды «әйелдік сұлулықтың эталоны» деп атап, мұндай аналардың батасы ұрпақ үшін қастерлі аманат екенін жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.