Қазақстандық әнші Ернар Айдар марқұм композитор әрі халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің отбасына арнайы барып, жұбайы Дарико апаның жағдайын білді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Әнші аңыз тұлғаның шаңырағына барып, оның жарының батасын алғанын жазды.
«Бүгін ұлы әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев атамыздың шаңырағында болдым. Атамыздың жатқан жері жайлы болсын. Дарико апаның хал-жағдайын сұрап, батасын алдым. Апа, ауырмаңыз, аман болыңыз, жүз жасаңыз!» – деп жазды Ернар Айдар.
Әнші осылайша қазақ музыкасының көрнекті өкілінің отбасына құрмет көрсетіп, Дарико апаға ізгі тілегін білдірді.