Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова продюсер Баян Алагөзованың жаңа студиясына барып, бірге түскен суреттерін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әнші Instagram парақшасында студияның атмосферасы өзіне ұнағанын айтып, Баян Алагөзовамен біраз уақыт әңгімелескенін жазды.
"Баянжанның жаңа студиясына барып, рахаттанып қайттым. Студияда бәрі әдемі, өте таза екен. Шәй ішіп, біраз әңгімелесіп қайттым", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Өнер иесі жазбасында Баян Алагөзованы белгілеп, бірге түскен кадрларымен бөлісті. Суреттерде Мақпал Жүнісованың гүл шоқтарын алғанын да көруге болады.
Желі қолданушылары қос өнер иесінің кездесуіне жылы пікір білдіріп, оларға шығармашылық табыс тілеген.