ка

Маңғыстаулық шенеуніктер мейрамханада жаңа жылдық кеш өткізуден бас тартты - новости Казахстана

24.12.2018 17:56
0
4

Мемлекеттік қызметкерлер жаңа жылдық кеш үшін жинаған қаражаттарын жағдайы жоқ отбасылар мен жетімдерге беруді ұйғарған. Бұл туралы Маңғыстау облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов аймақтық брифингте хабарлады деп хабарлайды Tumba.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: tumba.kz

фото: tumba.kz

Жаңа жылдық кештер мен сыйлықтардан индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қазынашылық, мемлекеттік кірістер департаменттері бас тартты.

Бұл тізімде мемлекеттік меншік, жекешелендіру, мемлекеттік ішкі аудит, техникалық реттеу мен метрология бөлімдері, білім беру саласындағы бақылау және Жаңаөзен қаласының әкім аппараты бар.

Нұрбол Оқуовтың айтуынша, қызметкерлер осындай шешімге өз еріктерімен келген.

"Біз құтықтаумен шектелеміз. Басқа мемлекеттік қызметкерлерге де осыдан үлгі алуға кеңес береміз. Жиналған қаражатты мейрамханаға жұмсағанша, жағдайы төмен отбасыларға жаңа жылдық сыйлық алып беру қажет", - дейді ол.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий