«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбелік шенеуніктер жаңажылдық кештен бас тартты

Ақтөбелік шенеуніктер жаңажылдық кештен бас тартты

Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер жаңажылдық кеш ұйымдастырмай, қайырымдылық балына билет алды.

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, қолдау үшін арнайы қайырымдылық балы өтеді. Өңірдегі мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлер, кәсіпкерлер мен түрлі қоғамдық қор өкілдері балға қатысу үшін 10 мың теңгеге билет алды. Қазіргі кезде қайырымдылық шарасына 200-ден астам адам қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе облысында мемлекеттік орган басшылары жаңажылдық корпоратив кешін өткізуден бас тартты. Есесіне Ақтөбеде тұңғыш қысқы қайырымдылық балы ұйымдастырылады. Барлық жиналған қаржы мүмкіндігі шектеулі балаларға беріледі. Барлығы 20 балаға көмек көрсетіледі деп жоспарланды. Меценаттық салаға ерекше көңіл бөлетін 200-ге жуық мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, қоғамдық бірлестік пен қор өкілдері шараға қатысатындарын растады. Балға кіру құны - 10 мың теңге. Тек кіру билетінің өзінен мұқтаж жандар үшін 2 млн теңгеден астам қаржы жиналады. Сонымен қатар, арнайы аукцион өткізіліп, барлық қаржы қайырымдылыққа берілетін болады», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шара кезінде қайырымды істер жасап, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне үлес қосқан ақтөбеліктер марапатталады.  

Автор
Санжар