11 қыркүйек сағат 15:40 шамасында Қарақия аудандық полиция бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына аудан прокуроры, Қарақия АПБ-нің жедел-тергеу тобы және кезекші прокурор шыққан.
Бұған дейін жазғанымыздай, Қарақия ауданы аумағындағы Бекет-ата – Шопан-ата тас жолында Ермұханбет Сарманов басқарған «TOYOTA HI ACE» автокөлігі жол апатына ұшыраған. Көлікте жүргізушімен бірге 12 жолаушы болған.
Жол апаты салдарынан 8 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам кейіннен қаза тапты: біреуі ауруханада, біреуі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.
Қарақия АПБ мәліметінше, апаттан қаза тапқандардың аты-жөндері мынадай:
-
Рахима Сатбалдыева — 02.03.1960 ж.
-
Гүлсім Аманжолова — 25.08.1969 ж.
-
Агорн Джимбаева — 15.12.1958 ж.
-
Ғалия Оразбаева — 04.07.1989 ж.
-
Сәуле Измайлова — 14.11.1968 ж.
-
Лариса Виденская — 10.12.1969 ж.
-
Наталья Вострецова — 26.06.1974 ж.
Жарақат алғандар:
-
Салия Айнабекова — 14.06.1967 ж.
-
Ольга Калачева — 25.03.1960 ж.
-
жүргізуші Ермұханбет Сарманов — 13.12.1964 ж., Маңғыстау облысының тумасы.
Қаза болған тағы үш жолаушының жеке басы анықталып жатыр.