Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметші, аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Түркістанға жеткізілді.
— Түркістан қаласының әуежайына аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен жеткізілді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Осы күні Түркістан қаласында әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жаназа намазы оқылып, марқұм туған жерінде жерленді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілерді аты-жөндері белгілі болғанын жазған едік.