4 айлық сәбиімен курьер болған ана барлық көмектен бас тартты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда Джеки Чанның жаңа фильмі түсіріліп жатыр

Маңғыстауда Джеки Чанның жаңа фильмі түсіріліп жатыр
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Jackie Chan қатысатын «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық фильмінің түсірілімі басталды. Ауқымды жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Parkкомпаниялары жүзеге асыруда, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазіргі уақытта түсірілім тобы Маңғыстаудың көркем табиғи локацияларында жұмыс жүргізіп жатыр. Фильмнің негізгі алаңдарының бірі ретінде Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым аралығында бұл аумақта 35 адамнан тұратын шығармашылық топ бірнеше маңызды көріністі таспаға түсірді.

Жоба аясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай түсірілім тобының өкілдерімен кездесіп, халықаралық киножобаға өңір тарапынан қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Кездесуде кино өндірісін дамыту, креативті индустрияны қолдау, жастарға арналған сапалы контент қалыптастыру және өңірдің туристік әлеуетін әлемге таныту мәселелері талқыланды.

Облыс басшысы мұндай жобалар Маңғыстаудың табиғи және тарихи мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның пікірінше, әлемдік киноөндіріс өкілдерінің өңірге қызығушылығы туризмнің дамуына, жаңа инвестициялардың тартылуына және өңірдің халықаралық беделінің артуына ықпал етеді.

Сарапшылардың айтуынша, фильмде Маңғыстаудың ерекше ландшафттары көрсетілсе, бұл өңірдің туристік тартымдылығын айтарлықтай арттыруы мүмкін. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендер Қазақстанның табиғи көрікті жерлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

Жобаның түсірілім жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарланған. Ал «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмінің әлемдік прокатқа шығуы 2027 жылдың ақпан айына белгіленген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.