KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Маңғыстау вокзалында пойызға мінуге келген жолаушы көз жұмды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау теміржол вокзалында Маңғыстау – Орал бағытындағы №613 пойызға отыруға келген ер адамның кенеттен жағдайы нашарлап, қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Қайғылы жағдай 3 қыркүйекте болған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, ер адам вагон маңында өзін жайсыз сезінген. Пойыз қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырып, станция кезекшісі мен полицияға хабар берген.

Алайда оқиға орнына жеткен медицина мамандары жолаушының көз жұмғанын анықтаған. Осыған байланысты пойыздың жөнелтілуі белгіленген уақыттан кешіккен. Вокзалда құқық қорғау органдарының қызметкерлері де жұмыс істеген.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жолаушының өліміне байланысты Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала диагноз бойынша, ер адамның өліміне өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болуы мүмкін. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →