KZNEWS.KZ
Қоғам

Маңғыстау облысының әкімі тұрғындарды таң атқанша қабылдады

• Айгерім Асылова

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен ұзақ форматта кездесу өткізіп, азаматтарды соңғысына дейін қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жұма күні сағат 14:00-де басталған кездесу 18:00-ден кейін жеке қабылдауға ұласты.

Әкімнің азаматтарды жеке қабылдауы сенбі таңына дейін жалғасты. Қабылдау уақыты таңғы 7:15-те аяқталғаны белгілі болды. Осы уақыт аралығында аймақ басшысы өтінішпен келген әрбір тұрғынды тыңдап, жеке мәселелері бойынша шешу жолдарын қарастырды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →