Қазақстанда мұғалімдерге гүл алуға және мектеп бітіру кештеріне жиналатын қаражаттың шекті мөлшері енгізіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жалақы картам әйелімде: Маңғыстау облысының әкімі айлығының неше теңге екенін айтты

Жалақы картам әйелімде: Маңғыстау облысының әкімі айлығының неше теңге екенін айтты
Фото: Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Адырна ұлттық порталының YouTube арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол сұхбатта балалық шағы, теміржол саласындағы еңбек жолы, отбасы мен өмірлік ұстанымдары туралы айтты. 

Маңғыстау өңірінің әкімі 1 млн 900 мың теңге жалақы алады екен. Алайда жалақының бір бөлігі алиментке, қалған бөлігі әйелінде болатын көрінеді.

«Менің мансабым жоқ кезде үйленген келіншегім, барлығына шыдады. Үйге қонақ келсе көрпесі төсеулі, дастарханы жаюлы болады. Әкім болуым Құдай берген бақ шығар. Әйтпесе менен де білімді, ақылды, сауатты жігіттер көп. Картам әйелімде. Жұмыста жүрген ер адам үйдің затын ала-алмайды ғой», - дейді әкім. 

Сонымен қатар әкім өңірдегі жұмыссыздық, ауыз су тапшылығы, денсаулық сақтау, туризм, Каспий теңізінің жағдайы және әлеуметтік желідегі түрлі пікірлерге қатысты сауалдарға жауап береді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.