KZNews.kz
Қоғам

Маңғыстау облысында дәрігерді жұмыс орнында пышақтап өлтіріп кетті

Жарқын Омаров
Фото: istockphoto.com

Жаңаөзендегі ауруханада 29 жастағы терапевт-дәрігерді пышақтап өлтірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде болған шабуыл туралы ақпарат тараған болатын. Мәліметке сәйкес, 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де белгісіз ер адам терапевт-дәрігерге шабуыл жасап, оны пышақтаған.

Алдын ала деректер бойынша, оқиға дәрігердің кәсіби қызметімен немесе медициналық мекемедегі жұмысымен байланысты емес.

Маңғыстау облысы полиция департаменті адам өлтіру фактісін растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, ер адамдар арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына келіп, жасаған ісін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →