Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйелін қызғанған: Жаңаөзенде ер адам дәрігерді 21 жерден пышақтап өлтіріп кеткен

Әйелін қызғанған: Жаңаөзенде ер адам дәрігерді 21 жерден пышақтап өлтіріп кеткен
Фото: Бейнежазбадан кескін

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 29 жастағы терапевт-дәрігер Нұрдәулет Аманғалиев аурухана дәлізінде пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Kznews.kz.

Informburo.kz дерегінше, емдеу мекемесінің ішінде белгісіз ер адам дәрігерге суық қарумен шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққан. Ақ халаттылар марқұмның алған жарақаты ауыр болғанын, ол оқиға орнында жан тапсырған.

Жақындарының айтуынша, қылмыс дәрігердің қызметіне байланысты емес. Олар күдіктінің жұбайы осы ауруханада медбике болып істегенін, ал ер адамның қызғаныштан барып осындай қадамға барғанын мәлімдеген. Туыстары марқұмның денесіне 21 рет пышақ жарақаты түскенін де жеткізді. Анасы ұлының өліміне қатысты кешірім бермейтінін айтқан.

Денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің мойын, кеуде тұсы мен қолынан ауыр жарақат алғанын хабарлады. Ірі қан тамырлары зақымдалып, көп қан жоғалтқан. Ақтаудан арнайы келген дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Нұрдәулет Аманғалиевтің Марат Оспанов атындағы университетте ұзақ жыл білім алып, бір жыл бұрын Жаңаөзенге жұмысқа орналасқаны айтылады. Артында екі баласы қалған. Әріптестері оны жауапкершілігі жоғары, жұмысына адал, болашағынан үміт күттірген жас маман ретінде сипаттаған.

Полиция бұл дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Құзырлы орган күдіктінің өз еркімен берілгенін, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер